БOЛAШAҚ МУЗЫКA МҰҒAЛIМIНIҢ КӘСIБИ ШEБEРЛIГIНIҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПEДAГOГИКAЛЫҚ-ПСИХOЛOГИЯЛЫҚ ШAРТТAРЫ

Authors

  • Якуб Аякоз Абдусахитқызы магистр-аға оқытушы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы Қазақстан Республикасы
  • Дәрмеш Аружан 6В01406- Музыкалық білім мамандығының 4 курс студенті

Abstract

 XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тенденциясы белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағыты өзекті болып, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған, білім берудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық мүмкіншілігі бар болашақ маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады.

Біздің қоғамымызда адамдық қатынастардың жалпы жаңа ұрпақтың рухани қалыптасуының, білім берудің түбегейлі жаңаруының бағдарламаларының жүзеге асуы көп жағдайда мұғалім тұлғасымен байланысты болатыны баршамызға мәлім. Университеттік білім беру жағдайларында болашақ педагогикалық кадрларының кәсіби өзін-өзі дамытуды қалыптастыру проблемасына ерекше назар аудару керек. Сондықтан да болашақ маманның өзін-өзі дамытуын зерттеу жұмысы адам дамуының негізгі философиялық, психологиялық, педагогикалық теорияларын талдауды айқындайды. Зерттеудің екінші маңызды жағы – белгілі бір методологиялық ұстаным мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың зерттеу әдістемесін таңдау.

Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың проблемасы үш тұрғыдан қарастырылуы керек, оларда оның мағынасы ашылуы тиіс: философиялық, психологиялық, педагогикалық. Философиялық зерттеулерде осы проблема адамды дамыту тұрғысынан қарастырылады. Психологиялық зерттеулерде тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту тұрғысынан зерттеленеді. Педагогикалық зерттеулерде болашақ маманның кәсіби дамуы тұрғысынан қаралады. Философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарастырудың келесі бір негізі - болашақ маман-педагог адам ретінде, тұлға ретінде, маман ретінде кәсіби өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде болуы.

Published

2023-04-09

How to Cite

Якуб Аякоз Абдусахитқызы, & Дәрмеш Аружан. (2023). БOЛAШAҚ МУЗЫКA МҰҒAЛIМIНIҢ КӘСIБИ ШEБEРЛIГIНIҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПEДAГOГИКAЛЫҚ-ПСИХOЛOГИЯЛЫҚ ШAРТТAРЫ. European Research Materials, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ERM/article/view/1209

Issue

Section

Pedagogical Sciences