– ДАЙ (-ДЕЙ); -СЫ, (-СІ) АФФИКСТЕРІНІҢ ҚОС ҚЫЗМЕТТІЛІГІ
Keywords:
Қос қызметті аффикстер, грамматикалық форма, лексикалық мағына, субьективтік реңкAbstract
Мақалада -дай (-дей); -сы (сі) аффикстері түркі тілдеріндегі еңбектермен Ы. Е. Маманов еңбектерін салыстыру негізінде қарастырылады. Авторлар бұл қосымшалардың қос қызметтілігіне ерекше тоқталып, сын есім, сан есім, етістік түбірлеріне жалғанудағы әртүрлі мағыналық түрленуіне талдау жасалады. Мақаланың мақсаты - аталған аффикстердің көп мағыналы жұрнақтар ретінде сөз тудырушы да, сөз түрлендіруші де қосымшалар емес, «тілдің даму барысындағы жұрнақтар мен сөзжасам қосымшалары арасындағы тұлғалар» екендігін көрсету. Аффикстің грамматикалық форма тудыру қызметі оның жалғанатын сөздеріне байланысты болғандықтан, -дай, -дей аффиксі туынды түбірге негіз бола алмайтын сөздер тобына жалғанып, грамматикалық форма тудыратындығы негізделеді. Оған критерий ретінде Ы. Е. Мамановтың пікірі негізге алынып, бұл қосымшалар арқылы жасалған сөздердің лексикалық мағынасын бүтіндей өзгермей, тек мағынасы әртүрлі сөздер жасап, грамматикалық мағына үстейтіні анықталады. Сондай-ақ -сы (сі) формалы есімшелердің де қазіргі қазақ тіліндегі сөз тудырушы жұрнақ емес, субьективтік рең білдіретін етістік формасын жасайтындығы нақтыланады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.