Мақал-мәтелдердің зерттелуі мен мағынасының қалыптасу ерекшеліктері

Authors

  • Уразгалиева Мира М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті,2-курс магистранты

Abstract

Халық өмірінде мақал-мәтелдердің атқаратын қызметі зор. Олар қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар халықтың өткен өмірі мен бүгінін жалғап тұрған көпір іспетті. Халықтың өткен өмірінің барлық түйіні, яғни халықтың салт-дәстүрі, өмір-тіршілігі, т.б. тоғысатын тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болған мақал-мәтелдердің табиғатын түрлі ғылым салалары, атап айтсақ, философтар да, педагогтар да, этнографтар да, психологтар да, әдебиетшілер де, тілшілер де  қарастырды. Қазақ халқының сөз саптау шеберлігі мен шешендік өнерден де құралақан болмағандығы ақиқат. Қазақ тілінде даналықты білдіретін ұғым-түсініктер мен олардың атаулары: мақал, мәтел, аталы сөз, нақыл сөз, қанатты сөз, ұлағатты сөз, жақсы сөз, шешен сөз, өсиет сөз, орынды сөз және т.б. Осының барлығы даналық пен парасаттылықтан туындаған терең ой, логикалық тұжырым, философиялық толғаныс, дүниетаным, өмір тәжірибесі, тәрбиенің, көркем сөзбен көмкерілген, тұрақты, қалыптасқан тіркес, шағын мәтін, қысқа да нұсқа ой үзіктері. Халық даналығына қатысты ұғым мен атаудың санатына ең алдымен «мақал» мен «мәтел» жатады. Халқымыздың тіл байлығы мен даналығы бабалардан осы мақал-мәтелдерден көрініс табады.

Published

2024-06-02

How to Cite

Уразгалиева Мира. (2024). Мақал-мәтелдердің зерттелуі мен мағынасының қалыптасу ерекшеліктері. European Research Materials, (6). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ERM/article/view/3769

Issue

Section

Philological Sciences