СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Authors

  • Сейтбекова Гульназия Аташбековна Техника ғылымының кандидаты, доцент, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (Тараз қ., Қазақстан)
  • Ауелбекова Ақнұр Үсенқызы студент, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (Тараз қ., Қазақстан)
  • Азімбай Кәмшат Ерболқызы студент, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (Тараз қ., Қазақстан)

Abstract

Судың сапасы табиғи және антропогендік факторларға байланысты. Судың сапасына өнеркәсіптің, энергетиканың, ауыл шаруашылығының, көліктің және коммуналдық шаруашылықтың қарқынды дамуында көрінетін антропогендік іс-әрекеттер ең үлкен әсер етеді.

Бұл жағдайда ластаушылардың негізгі көздеріне: өндірістік және тұрмыстық ағынды сулар, диффузиялық ластаушы көздер (минералды тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар, түтін шығарындылары және т.б.) жатады.

Климаттың өзгеруі су ресурстарына айтарлықтай әсер етеді. Бұл зардаптардың кейбірі бүгінде көрініп тұр. Болашақта барлық дерлік елді мекен жерлерде су тасқыны мен құрғақшылықтың қарқынды артуы, су ресурстары тапшылығының, эрозия мен шөгінділер түзілуінің артуы, теңіз, өзен деңгейлерінің көтерілуі және т.б. жағдайлар экологиялық жүйе мен су сапасына айтарлықтай әсер етері анық. Сонымен бірге климаттың өзгеруі су ресурстарына, адамзат денсаулығына, экономикаға және қоғамға, ауыл шаруашылығына, энергетика мен гидроэнергетикаға, туризм, су ресурстарына тәуелді.

Өндіргіш күштерді дамыту маңызды мәселелердің бірі ретінде қоршаған ортаны және оның ішінде су көздерін ластанудан қорғауды алға қояды. Су бассейнін қорғаудың негізгі міндеттеріне су ресурстарын ұтымды пайдалану да, сарқынды суларды су объектілеріне жіберу талаптарының деңгейіне дейін тазарту да жатады.

Published

2024-06-02

How to Cite

Сейтбекова Гульназия Аташбековна, Ауелбекова Ақнұр Үсенқызы, & Азімбай Кәмшат Ерболқызы. (2024). СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ. European Research Materials, (6). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ERM/article/view/3779

Issue

Section

Chemical Sciences