ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕГІ МА-МАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ СПОРТҚА БЕЙІМДЕУ

Authors

  • Нурум Амангелди Айбарулы 2 курс магистранты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қаласы
  • Бахтиярова Саягул Жаксыбаевна Жетекшісі: Бахтиярова Саягул Жаксыбаевна М.Өтемісов атындағы БҚУ PhD доктор, аға оқытушы, Орал қ.

Keywords:

Олимпиадалық резерв, мамандандырылған мектеп-интернат-колледж, спортқа бейімдеу, оқу-жаттығу процесі, жасөспірімдер, мотивация, кәсіби бағдар, спорттық резерв, психологиялық бейімделу, цифрлық технологиялар

Abstract

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы олимпиадалық резервті қалыптастыру жүйесінің негізінде жұмыс істейтін мамандандырылған мектеп-интернат-колледждердегі оқушыларды спортқа бейімдеудің ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады. Спортқа бейімдеу – бұл тұлғаның психофизикалық, әлеуметтік және кәсіби дамуын қамтамасыз ететін кешенді үрдіс ретінде сипатталады. Мақалада спорттық резервті даярлаудың тарихи эволюциясы, халықаралық тәжірибе, жасөспірімдердің мотивациялық, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері, оқу-жаттығу процесінің кезеңдері мен заманауи инновациялық тәсілдер жүйеленген. Сонымен қатар, цифрлық мониторинг, жекелендірілген жаттығу траекториясы және тәрбие жұмыстарының рөлі көрсетілген. Авторлар спортқа бейімдеу тиімділігін арттыру үшін жүйелі ғылыми-әдістемелік қолдау мен кешенді тәрбиелік-педагогикалық тәсілдер қолданудың маңыздылығын негіздейді

Published

2025-04-14

How to Cite

Нурум Амангелди Айбарулы, & Бахтиярова Саягул Жаксыбаевна. (2025). ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕГІ МА-МАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ СПОРТҚА БЕЙІМДЕУ. European Research Materials, (9). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ERM/article/view/5791

Issue

Section

Pedagogical Sciences