АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ: МОБИЛЬДІ ПОДКАСТАР МЕН БЕЙНЕКАСТАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ РӨЛІ
Keywords:
Ағылшын тілі, мобильді подкастар, бейнекастар, интерактивті оқыту, АКТAbstract
Бұл мақалада жоғары сыныптардағы ағылшын тілі сабақтарында мобильді подкастар мен бейнекастарды қолданудың тиімділігі жан-жақты зерттелді. Зерттеу жұмысының мақсаты – цифрлық білім беру технологияларын енгізу арқылы оқушылардың ауызекі тілдік дағдыларын жетілдіру жолдарын анықтау, заманауи оқыту әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау болды. Зерттеу әдістеріне эксперименттік және бақылау топтарын қолдану, сауалнама жүргізу, тестілеу және статистикалық талдау кірді. Мақалада мобильді құрылғылар, подкастар, бейнекастар және мультимедиялық бағдарламалар арқылы оқыту процесінің интерактивтілігі мен дербестендірілуі ерекше назарға алынды. Зерттеу нәтижелері мобильді технологияларды пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілетін арттыратынын, сонымен қатар тілдік дағдыларды кешенді дамытатынын көрсетті. Сонымен қатар, мақалада цифрлық оқулықтар мен онлайн ресурстардың артықшылықтары мен оларды қолдану барысында кездесетін қиындықтар талданды. Нәтижесінде, мобильді подкастар мен бейнекастар негізінде оқыту әдістерін тиімді интеграциялау заманауи білім беру жүйесінде оқушылардың оқу сапасын арттыруға зор ықпал ететіндігі айқын болды
Published
How to Cite
Issue
Section
License
Copyright (c) 2025 European Research Materials

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.