Әдебиет сабағында мәтінді зерттеуді ұйымдастырудың негізгі формасы (шешендік сөздер негізінде)

Authors

  • А.Т.Мырзахметова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
  • А.Б.Жапарова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Keywords:

шешендік сөздер, эйдос-конспект, тақырып, идея, зерттеу жұмысы

Abstract

Шешендік сөздер – қазақ халық ауыз әдебиетінің көрнекті жанрларының бірі. Халқымыз би-шешендердің сөздерін санасында сақтап, зерделеп, ғасырдан ғасырға жеткізіп, ел игілігіне жаратып, қолданысқа енгізген. Қазақ халқы табиғатынан шешендік өнерге жақын. Халқымыздың тапқырлыққа толы шешендік сөздері талайдың таңданысын тудырғаны ақиқат. Аталмыш өнер атадан балаға мұра ретінде беріліп, алтын желі үзілмей келе жатыр. Халықтың есінде жатталып, бүгінгі таңға жеткен шешендік сөздерді қазіргі ұрпақ жаттап, кәдесіне жаратып, ретіне орай қолданып жүргені белгілі, демек, шешендік сөздер өміршеңдігін жоғалтқан емес.

Қай қоғамға болсын талантты, дарынды тұлғалар қажет. Олардың санын арттыру үшін тілі мен таным-түсінігін дамыта түсу керек, біртіндеп от ауызды, орақ тілді шешендерді қалыптастыруға болады. Ал шешен сөйлеудің түп негізі шешендік өнер болып табылмақ. Бүгінгі таңдағы оқу үрдісінің, тәрбиенің басты мақсаты шешендік сөздерді, афоризмдерді, жалпы халық даналығын қазіргі жастардың бойына сіңіріп, рухани дүниесі бай, білімді, саналы, шешен тілді тұлға қалыптастыру екендігі күмән тудырмайды.

Осы ретте мектеп бағдарламасында шешендік сөздерді оқыту, талдаудың орны ерекше. Ал бұл мақаламызда шешендік сөздерді эйдос-конспект арқылы оқытудың тиімділігі туралы жазылып, талдау берілген. Әр айтылған ой оқушылардың шешендік сөздерді эйдос-конспект арқылы талдаған мысалдары арқылы дәлелденген. Эйдос-конспекті арқылы мәтінді (шешендік сөздерді) талдаудың ерекшеліктері, ұтымды тұстары сараланып берілген

Published

2025-04-14

How to Cite

А.Т.Мырзахметова, & А.Б.Жапарова. (2025). Әдебиет сабағында мәтінді зерттеуді ұйымдастырудың негізгі формасы (шешендік сөздер негізінде). European Research Materials, (9). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ERM/article/view/5795

Issue

Section

Philological Sciences