Шағатай ұлысы тарихындағы ислам факторы

Authors

  • Бисембайұлы Мирас Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD-докторанты, Алматы, Қазақстан

Keywords:

Шағатай ұлысы, Моғолстан, ислам діні, мемлекеттік құрылым, исламдану үдерісі, ислам шейхтері, имамдар

Abstract

Еуразия кеңістігінде тоғыз жолдың торабында орналасып, түрік-қыпшақ мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосқан Шағатай ұлысының мемлекеттік құрылымындағы саяси өзгерістер мен ислам дінінің ықпалы мақаланың зерттеу пәні болып таңдалды. Шағатай ұлысында ислам дінін таратқан хандардың қызметі мен мемлекеттік институттарда исламның алған рөліне талдау жасалынып, отырықшы өркениеттің қалыптасу себептері сараланды. Тарихи-салыстырмалы әдіс Шағатай ұлысындағы исламдану үдерісін Жошы ұлысы сияқты басқа елдермен салыстыру үшін пайдаланылды. Шағатай ұлысындағы хандардың саяси көзқарастары мен елде қалыптасқан саяси-экономикалық ахуалына салыстыру жасалды. Тақырып мазмұнын жеткілікті деңгейде ашу үшін жүйелілік-құрылымдық талдау қолданылды. Тақырыпқа қатысты барлық мәліметтер жіктеп таңдап алынып, әр мәліметтерді зерделеп талдау мақсаты алға қойылды. Әртүрлі дереккөздерді зерде сүзгісінен өткізіп, жеке мәліметтерді біріктіру үшін синтездеу әдісі, ал уақыт реттілігін тізіп жазу үшін мәселелі-хронологиялық әдіс пайдаланылды.

Published

2025-07-28

How to Cite

Бисембайұлы Мирас. (2025). Шағатай ұлысы тарихындағы ислам факторы. European Research Materials, (10). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ERM/article/view/6618

Issue

Section

Historical Sciences