ШҰБАТ ҮЛГІЛЕРІНДЕГІ АНТИБИОТИКТЕРГЕ ТӨЗІМДІЛІК ГЕНДЕРІНІҢ ӘРТҮРЛІЛІГІ МЕН ТАРАЛУЫН ТАЛДАУ

Authors

  • Жадыра Сағыман Биоинженерия бойынша PhD, Оқытушы дәріскер, Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан.
  • Муратбекова Аяулым Ержановна Жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Кіші ғылыми қызметкер, Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан.
  • Касенова Гулмира Тынышбаевна Ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан.

Keywords:

шұбат, метагеномика, антибиотиктерге төзімділік гендері, микробиота, секвенирлеу

Abstract

Шұбат түйе сүтінен дайындалатын дәстүрлі ашытылған сусын. Оның микробиотасы өнім сапасын қалыптастырумен қатар, антибиотиктерге төзімділік гендерінің ықтимал көзі ретінде де қызығушылық тудырады. Бұл жұмыста Қазақстанның Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстарынан жиналған жеті шұбат үлгісіндегі антибиотиктерге төзімділік гендері метагеномдық секвенирлеу әдісімен зерттелді. Алынған деректер антибиотиктерге төзімділік гендерінің дерекқорымен салыстырылып, олардың құрамы мен салыстырмалы молшылығы бағаланды.

Талдау нәтижесінде барлық үлгілерден антибиотиктерге төзімділіктің 351 гені анықталды. Олардың ішінде acr, bacA, rosAB, lmrP және emeA гендері басым кездесті. lmrP және emeA гендерінің таралуы сәйкесінше Lactococcus lactis және Enterococcus faecalis түрлерінің молшылығымен байланысты болды. Барлық үлгілерде жоғары деңгейде анықталған bacA гені бацитрацинге төзімділікпен байланысты болуы мүмкін. Зерттеу нәтижелері шұбат микробиотасында антибиотиктерге төзімділік гендерінің кең таралғанын және олардың шығу тегі мен таралу жолдарын тереңірек зерттеу қажеттігін көрсетеді.

 

Published

2026-06-07

How to Cite

Жадыра Сағыман, Муратбекова Аяулым Ержановна, & Касенова Гулмира Тынышбаевна. (2026). ШҰБАТ ҮЛГІЛЕРІНДЕГІ АНТИБИОТИКТЕРГЕ ТӨЗІМДІЛІК ГЕНДЕРІНІҢ ӘРТҮРЛІЛІГІ МЕН ТАРАЛУЫН ТАЛДАУ. European Research Materials, (13). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ERM/article/view/8888

Issue

Section

Biological Sciences