КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕР БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ОТБАСЫН САҚТАУ, БАЛА ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТ
Keywords:
әйел көшбасшылығы, отбасы, бала тәрбиесі, әйел құқықтары, Конституция, гендерлік теңдік, азаматтық қоғам, әлеуметтік жауапкершілік, кәсіподақ, отбасы құндылықтары, әлеуметтік тұрақтылықAbstract
Мақалада қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел көшбасшылығының отбасы тұрақтылығын қамтамасыз етудегі, бала тәрбиесіндегі және қоғамдық даму үдерістеріндегі рөлі қарастырылады. Әйелдердің білім, ғылым, еңбек, мемлекеттік басқару, қоғамдық ұйымдар мен кәсіподақтар қызметіне белсенді араласуы олардың қоғамдағы әлеуметтік мәртебесін арттырумен қатар, отбасы мен кәсіби қызметті үйлестіру мәселесін де өзекті етіп отыр. Зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы институтына берілген конституциялық мәртебемен айқындалады. Конституцияның 27-бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» деп бекітілуі отбасы құндылықтарының мемлекеттік деңгейде қорғалатынын көрсетеді. Сонымен бірге Конституцияда балаларына қамқорлық жасау мен оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті ретінде белгіленген. Мақалада осы конституциялық қағидалардың әйел көшбасшылығы феноменімен өзара байланысы талданады. Көшбасшы әйелдің отбасыдағы рөлі оның кәсіби жетістігімен ғана емес, балаға үлгі болуымен, отбасындағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруымен және қоғамдық құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізуімен сипатталатыны негізделеді. Зерттеу нәтижесінде әйел көшбасшылығын отбасы құндылықтарына қарама-қарсы қоюға болмайтыны, керісінше, отбасы мен қоғамдық белсенділіктің үйлесімділігі әйелдің әлеуметтік әлеуетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні тұжырымдалады
Published
How to Cite
Issue
Section
License
Copyright (c) 2026 European Research Materials

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.