БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДҰРЫС СӨЙЛЕУГЕ МАШЫҚТАНДЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Keywords:
бастауыш сынып, оқушылар, дұрыс сөйлеу, машықтану, ақпараттық технология, пайдалануAbstract
Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс сөйлеуге машықтандыруда ақпараттық технологияларды пайдалану мәселесі бойынша материалдар жинақталды, философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік еңбектерге талдау жасалып, шетелдік және отандық тәжірибелер бойынша материалдар жүйеге келтірілді. Ақпараттық технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларын дұрыс сөйлеуге машықтандыру мотивациясын қалыптастыру жайлы педагогикалық эксперимент жүзеге асты. Жүpгiзiлгeн экcпepимeнт қopытындылapын тaлдaу, жaлпылaу, нaқтылау нәтижeлері бoйыншa алдын-ала жасалған қорытындыларға түзетулер ендіріліп, эксперимент материалдары жүйеге келтірілді, соның негізінде, бастауыш сынып оқушыларын дұрыс сөйлеуге машықтандыруда ақпараттық технологияларды пайдалану динaмикacы aнықтaлып, оның тиiмдiлiгi статистикалық тұрғыда өңделді. Сол себепті мақалада бастауыш сынып оқушыларын дұрыс сөйлеуге машықтандыруда ақпараттық технологияларды пайдаланудың ғылыми-әдістемелік, ғылыми – теориялық алғышарттары қарастырылды. Зерттеуде дұрыс сөйлеуге машықтандыруда ақпараттық технологияларды пайдалану амалдары анықталған және сапалы нәтижелер тұжырымдалған.
Эксперименттік жұмыстың нәтижесінде ақпараттық технологияларды пайдалану , оқушыларды дұрыс сөйлеуге машықтандыру әдістемесінің тиімділігін тексерген. Практикалық жұмыстың дайындық кезеңінде келесі міндеттер қойылды: дұрыс сөйлеуге машықтандыру деңгейін анықтау (ақпараттық, мотивациялық, рефлексивті), диагностика әдістерінің жиынтығын әзірлеу: бақылау, сауалнама, диагностика әдістері, бағалау, өзін-өзі бағалау және т.б., алынған мәліметтерге сүйене отырып, ақпараттық технологияларды пайдалану , дұрыс сөйлеуге машықтандыру деңгейін анықталған. Осыған байланысты зерттеу мақсатында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы бастауыш мектеп оқушыларын дұрыс сөйлеуге машықтандыруын талдау болып табылады. Зерттеудің теориялық маңыздылығы дұрыс сөйлеуге машықтандыруда ақпараттық технологияларды пайдалану
-бастауыш мектеп оқушыларын дұрыс сөйлеуге машықтандыру туралы білімді нақтылауға;
- зерттеудің практикалық маңыздылығы дұрыс сөйлеуге машықтандыру үшін жаттығулар жиынтығын ұсыну және тестілеуге мүмкіндік береді. Әзірленген әдістемеге сәйкес ақпараттық технологияларды пайдалану дұрыс сөйлеуге машықтандыру мынадай компоненттен тұрады: мотивациялық, мазмұнды және рефлексивті. Осы компоненттердің негізінде дұрыс сөйлеуге машықтандыруда ақпараттық технологияларды пайдалану бастауыш сынып оқушыларын дұрыс сөйлеуге машықтандыратын көрсеткіштер мен деңгейлер анықталды. Зерттеу барысында тексеру, анықтау және бақылау экспериментінің нәтижелері ұсынылған. Зерттеу нәтижелері көрсеткеней ақпараттық технологияларды пайдалану , оқушыларды дұрыс сөйлеуге машықтандыру мәселесін жан-жақты зерттеу қажет, себебі анықталған көрсеткішке сәйкес оқушылардың басым көпшілігінің білім деңгейі төмен екені анықталды.