Оқиғалық туризмді Қазақстанның Оңтүстік өңірінде дамыту
Keywords:
оқиғалық туризм, қонақ үй, мейрамхана, іс-шара, мерекеAbstract
Мақалада әлемде жақсы дамып жатқан оқиғалық туризм арқылы Қазақстан өңіріндегі көрікті жерлер мен туристтер соңғы жылдары көптеп келген аумақтарды қарастыра отыра, оқиғалық туризмді жан-жақты зерттеп, Оңтүстік өңірлердегі табиғаты тамаша жерлерде мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру көзделуде. Шетелдіктердің елімізге келу статистикасын қарай отыра, қызығушылықтарын бақылап, қазақ елінің азаматтары мен азаматшаларынан сұраныс пен ұсыныстары жайлы сауалнама алып іс-шара сценарийін ұсыну. Қазақстан Республикасының ішінде туристер көп келген өңірлерді статистикалық мәлеметтерге сүйене отырып зерттеп, сол өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Алматы қаласында орналасқан ел тұрғындарының жақсы ықыласы мен пікірлерін жинаған «Qazaq Auyl» эко-қонақ үйі мен «Auyl» ұлттық мейрамханасында бірлік күніне орай өткізілуге болатын іс-шара жоспары көрсетіледі.