СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕГІ КӨКСАРАЙ БАС СУ ТОРАБЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДАР ҚҰРАМЫ

Authors

  • ОРАЛСЫНҚЫЗЫ МӨЛДІР докторант, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қаласы
  • ЖИГИТОВА САУЛЕ аға оқытушы, «Қолданбалы экология» бағыты бойынша, техника және технология магистрі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қаласы

Abstract

Сырдария өзеніндегі Көксарай бас су торабы құрамы, өтімі 1800 м3/с суды жеткізу және алып кету арнасы бар су тастағыш пен өтімі 500 м3/с бастоған, сол және оң жағалық дамбылардан тұрады. Су тастағыш пен бастоған біртұтас құрылысынан тұрады [1-4].

            Суды әкету арнасы жер арнада түбінің ені 150,0м, құламасы ылдилығы 1:3 етіп орындалған. Ағынның толқыны алдын алу үшін екі жағынан 160,0м арақашықтықта қорғаныс дамбылары орнатылған. Сырдария өзенінде су тасығнада жерлерді судан көмілуден қорғау үшін, қарама-қарсы оң жағада ұзындығы 1986м, бөгетшесі жотасының биіктігі 215,0м қорғаныс дамбысы тұрғызылған [1].

            Суды жеткізу арнасының оң жағалық бөгетшесінің ұзындығы – 171м, сол жағалықтың ұзындығы – 737м. 213,0м белгіде ені 5м берма бар, диаметрі 15-20см тас төсенішпен бекітілген.

Published

2023-05-01

How to Cite

ОРАЛСЫНҚЫЗЫ МӨЛДІР, & ЖИГИТОВА САУЛЕ. (2023). СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕГІ КӨКСАРАЙ БАС СУ ТОРАБЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДАР ҚҰРАМЫ. Foundations and Trends in Modern Learning, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/FTML/article/view/1371