CHRYSANTHEMUM L ҚАЛЕМШЕЛЕЛЕУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДА БОЛАТЫН ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫН БІЛІМГЕРЛЕРГЕ ТАНЫСТЫРУ АРҚЫЛЫ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Keywords:
Chrysanthemum L, зиянкестер, Оңтүстік Казахстан, Хризантема нематодасы, Өсімдік биті, Сұр шірікAbstract
Мақала Қазақстандағы Chrysanthemum L түрлерін сақтау мәселелеріне арналған зерттеу тәжірибесі жүргізілді. Хризантемалар - Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы ландшафттардағы бау-бақша түзетін негізгі түрлердің бірі. Chrysanthemum L отандық және шетелдік ғалымдар үшін ерекше қызығушылық тудырады, өйткені ол бау-бақшада, сондай-ақ медицинада ерекше құндылыққа ие. Олар қазіргі уақытта қалаларды көгалдандыру мен сәндік өсімдіктерді қолдау мен дамытудың әлемдегі жалғыз табиғи генетикалық негізі ретінде әлемдік маңызға ие. Өкінішке орай, соңғы ғасырларда бұл сәндік өсімдіктің саны азайды, сондықтан оларды қорғауды күшейтуді және табиғи қауіптен қорғау шараларының жүйесін әзірлеуді талап етеді.
Бұл зерттеудің мақсаты - Сhrysanthemum L. өсімдіктерінің қалемшелеу және өсіп өну процесінде пайда болатын зиянкестермен күресудің әртүрлі шараларының тиімділігін зерттеу; Осы аймаққа тән негізгі зиянкестерді анықтау; Өсімдік шаруашылығы саласындағы білім алушылардың білімін кеңейту және зерттеу дағдыларын дамыту.
Хризантема сорттарының зиянкестерге төзімділік дәрежесін анықтау үшін салыстырмалы фитомониторинг жүргізілді. Нәтижесінде Қазақстанның оңтүстігіне тән зиянкестер анықталды; Әрбір зиянкестердің келтіретін залалына салыстырмалы талдау жүргізілді және ең көп таралған және сирек кездесетін түрлері анықталды.
Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстанда Chrysanthemum L сорттырына зиян келтіретіндер: Aphelenchoides ritzemabosi Schwartz, Aphidoidea, Tetranychus urticae, Puccinia chrysanthemi Roze, Frankliniella occidentalis Pergande.
Published
How to Cite
Issue
Section
License
This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.