Түркістан қаласы жағдайында Paulownia tomentosa L. ағашын вегетативті көбейту

Authors

  • Балташова Насиба Бахрамқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университетінің магистранты(Қазақстан, Түркістан қ.)
  • Салыбекова Нурдана Нуртаевна Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университеті PhD, доцент м.а (Қазақстан, Түркістан қ.)

Keywords:

Paulownia tomentosa L., тамыр қалемше, торф-топырақ

Abstract

Мақалада Paulownia tomentosa L. ағашын вегетативті көбейту бойынша жүргізілген зерттеу қарастырылады. Зерттеу жұмысы Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бағында жүзеге асырылды.

Қалаларды көгалдындыру, жаңа декоративті ағаш түрлерімен байыту, экологиялық тұрғыдан ауаның ластануын азайту мақсатында оттегін айтарлықтай көп бөлетін ағаш түрлерін көбейту сияқты бірқатар мәселелердің шешімін табу соңғы кездері өзекті тақырып болып келеді. Міне осындай мәселелердің шешімі ретінде Paulownia tomentosa L. ағашы өте ерекше орын алады. Өзінің бірқатар ерекшеліктеріне байланысты бұл ағаш түрі Түркістан қаласының климатында өсіруге тиімді болып саналады. Осы тұрғыдан оны вегетативті көбейту бойынша, нақтырақ айтқанда тамыр қалемшесінен көбейту бойынша зерттеу жүргізілді. Зерттеуге керекті материалдар жинақтап алынып, зерттеу әдісі бойынша белгілі уақыт аралығында өсірілді. Зерттеу нәтижелері алынып талқыланды, өсірудің ең тиімді жолдары нақтылап алынды.

Published

2023-11-26

How to Cite

Балташова Насиба Бахрамқызы, & Салыбекова Нурдана Нуртаевна. (2023). Түркістан қаласы жағдайында Paulownia tomentosa L. ағашын вегетативті көбейту. Foundations and Trends in Modern Learning, (4). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/FTML/article/view/2559