Сабақ берудегі мұғалімнің көшбасшылық дағдыларының маңыздылығы
Keywords:
көшбасшы-мұғалім, оқушы үлгерімі, оқушы жетістігі, пән мұғалімінің көшбасшылығыAbstract
Мұғалім оқушылардың сабақтағы жетістігін анықтайды. Берілген зерттеу мұғалім сыныптағы оқушылардың білім деңгейінің артуын анықтайтын маңызды фактор екенін дәлелдейді. Мұғалім өз оқушылары үшін көшбасшы болуы керек. Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттерге ие болуы өте маңызды, себебі бұл мұғалімді сыныпта да, одан тыс жерлерде де оқыту сапасын арттыру үшін қажет негізгі фактор. Көшбасшы мұғалім сыныпты басқарудың өте жоғары дағдыларына ие болып, оқушыларды оқуда табысқа жетелейді. Ағымдағы зерттеу жұмысы жетекші-мұғалімнің сыныпта өзінің көшбасшылық қабілеттерін пайдалана отырып, оқушыларды оқытуға және академиялық жетістіктерін арттыруға бағытталған. Бұл зерттеудің мақсаты – мұғалімнің сыныптағы көшбасшылығының барлық тұжырымдамасы мен оның оқушылардың оқу үлгерімі мен жетістігі арасындағы байланысын терең зерттеу. Зерттеу мұғалімнің көшбасшылық тұжырымдамалары мен оқушының жетістігін сипаттайтын оқу әдебиеттердегі дәлелдемелердің синтезін қамтиды. Талдау нәтижесі көшбасшы мұғалімдердің сыныптан тыс жерде де, сынып ішінде де оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға ұмтылатынын көрсетті.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.