АРАЛАС ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Authors

  • Балганова Меруерт Сыдыковна PhD дoктoрaнт, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, 160012, Шымкeнт, Қaзaқcтaн. Orcid.org /0000-0002-0594-3855;
  • Aдылбeкoвa Эльвирa Тулeпбeргeнoвнa Педагогика ғылымдарының кандидаты, дoцeнт, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, 160012, Шымкeнт, Қaзaқcтaн., Orcid.org/0000-0003-1471-0137

Keywords:

аралас оқыту, электрондық білім беру ресурсы, ақпараттық технологиялар, маман даярлау, болашақ информатика мұғалімдері, кәсіби құзіреттілік, оқу үдерісі

Abstract

Бұл мақалада болашақ информатика мұғалімдерінің электрондық білім беру ресурстарын құруға дайындығы және оны оқу үдерісіне енгізуді зерттеу мәселесі қарастырылады. Болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді әдістерінің бірі – оқу үдерісіне электрондық ресурстарды енгізу болып табылады. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесінде электрондық білім беру ресурстарын әзірлеудің мазмұны жеткіліксіз ұсынылған. Әзірленген әдістемелік ұсынымдар жалпы сипатқа ие. Осылайша, болашақ мұғалімдерді дайындауда электрондық ресурстарды тиімді пайдалану, оны сауатты құру қажеттілігі туындады. Зерттеудің негізгі мақсаты болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда электрондық білім беру ресурстарын даярлау әдістемесін жасау болып табылады.

Мақалада электрондық білім беру ресурстарын даярлау әдістемесін жасау үшін интерактивті әдістер қолданылды. Participate платформасында информатика пәнінен электрондық білім беру ресурсының моделі жасалды. Информатика оқулықтарының негізінде бейне дәрістер мен практикалық тапсырмалар, интерактивті ресурстар, онлайн курстар мен жобалар, білім беру ойындары мен басқатырғыштар секілді әртүрлі материалдар қамтылды. Ұсынылған модель информатиканы аралас оқытуда қолдану үшін дайындалды. Бұл электронды білім беру ресурсында оқушы өз бетінше жұмыс істеуі үшін теориялық материалдар мен практикалық жұмыстарға тиісті интерактивті тапсырмалар кірістірілді. Бейнематериалдар және мысалдармен танысу мүмкіндігі де қарастырылды. Практикалық жұмыстар мен тапсырмалардың орындалу нәтижелерін қорытындылауда мұғалім мен оқушының әрекеттері интерактивті сұхбат түрінде жүзеге асады.

Қорытындылай келе, зерттеу жұмысы информатика пәнінен оқу материалын терең игеруге, қазіргі ақпараттық ортаның сұранысына ие кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал етуде осы тәсілдің тиімділігін растайды. Сонымен бірге, білімді практикалық қолдануға назар аударады, оқушыларды белсенді оқуға ынталандырады, кәсіби дайындығының негізгі элементіне айналады. Зерттеу нәтижелері оқу үдерісінде болашақ информатика мұғалімдері үшін маңызды практикалық ресурс бола алады.

Published

2024-10-06

How to Cite

Балганова Меруерт Сыдыковна, & Aдылбeкoвa Эльвирa Тулeпбeргeнoвнa. (2024). АРАЛАС ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ. Foundations and Trends in Modern Learning, (7). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/FTML/article/view/4319