Қазақстандағы инфляциялық таргеттеу стратегиясының ерекшеліктері
Abstract
Мақалада Қазақстан Ұлттық Банкінің жүргізіп отырған монетарлық саясатына және оның ел экономикасының дамуына ықпалына байланысты мәселелер қарастырылады. Қолданылатын ақша-несие саясаты инфляциямен күресуге бағытталған және тауарлардың кеңейтілген өндірісіне негізделген экономикалық өсуді қамтамасыз етпей, елдің жалпы экономикалық мүдделерін ескермейді.
Қазақстанда толыққанды инфляциялық таргеттеу режимін құру үшін қажетті негізгі үш бағыттың шеңберіндегі шаралар сипатталған:
1) инфляциялық күтулерді тиімді бекіту үшін ақша-кредит саясатының институционалдық және операциялық негіздерді нығайту;
2) тұрақты және тиімді қаржы секторы арқылы ақша-кредит саясатының импульстерін беруді күшейту;
3) тұрақты фискалды тәртіппен нығайтылған қолайлы және құрылымдық теңгерімді макроэкономикалық ортаны құру. Осы бағыттар бойынша ойдағыдай және тәртіпке келтірілген жұмыс ақшакредит саясатының тиімділігі арттыруға, және барынша маңызды, Қазақстан экономикасының орнықты дамуы үшін негіз болады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.