ПAВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ АУМAҚТЫҚ РЕКРЕAЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ҰСЫНЫСТАР
Keywords:
туризм, демалыс, ресурс, рекреация, жүйе, рекреациялық ресурстар, аумақтық рекреациялық жүйеAbstract
Павлодар облысының туристік жағынан алғанда Қазақстанның аса қолайлы аумақтың бірі бола тұрып, туризмнің көптеген түрлерін дамыту үшін нақты базаға және жағдайларға ие. Облыс көлемінде рекреацияның және туризмнің алуан-түрлі нысандарын дамыту үшін мүмкіндіктерге ие. Облыстың Баянауыл, Қызылтау бірегей тау сілемдері, Ертіс өзені, ормандары, гидроминералды ресурстары және ландшафтылық жағдайлары жаяу, ат, тау, су, емдік, спорттық аңшылық және балық аулау туризмдерін және туризмнің басқа да түрлерін дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Павлодар облысының қазіргі кездегі туристік кластерінің келешегі мен дамуына баға беріледі. Сонымен қатар туристік кластер мен кластерлік тәсілдерге анықтамалар берілді. Аймақтың туристік әлеуетінің дамуына кедергі келтіретін кемшіліктері мен бәсекелестік мүмкіншіліктерін атап көрсетілді. Павлодар қаласы және қала маңының туристік-рекреациялық танымдық мүмкіндіктерін пайдалану жолдарының аймақтық туристік кластердің негізгі тенденциялары мен мәселелері анықтауға бағытталған. Мақалада аймақтың табиғи-рекреациялық, мәдени-тарихи, әлеуметтік-экономикалық ресурстарына талдамалы сипаттама берілді. Аймақ туристік әлеуетінің сұранысына талдау жасалады.