ЖОО болашақ физика мұғалімін даярлау үдерісінде электрондық білім беру ресурстарын қолдану әдістемесі

Authors

  • Сандибаева Н.А п.ғ.к., ассоц.м.а.проф., Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті,.ҚР. Алматы,қ.
  • Гарнаева Г.И. к.т.ғ.д, ассоц.проф, Қазан федералдық университеті, Ресей Федерациясы, Қазан қаласы
  • Ахметова Н.Ж. физика магистрі, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті,.ҚР. Алматы,қ.

Keywords:

Физика, Ақпараттық технологиялар, цифрлық трансформациялау

Abstract

Бүгінде цифрландыру еліміздегі бірқатар маңызды салаларды индустрияландыру, экономика сияқты салаларды ғана емес, білім беру аясын да қамтып, күннен күнге маңыздылығын арттырып келеді. Мақалада болашақ физика мұғалімін даярлау  үдерісінде электрондық білім беру ресурстарын  қолдану жөніндегі мәселелер қарастырылады. Мақаланың мақсаты, студенттердің цифрлық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталады. Цифрлық білім беру ресурстары оқу үдерісін жақсартуды ұйымдастыру, тұлғаға бағытталған оқыту; цифрлық білім беру ресурстары оқытушы мен студенттердің сабақтан қалған уақыттағы олқылықтарды жоюға; сабақтан кейін өзіндік іздену нәтижелерін жақсартуға; студенттің ізденуіне үлкен мүмкіндік береді. Цифрлық білім беру ресурстарының жиынтықтары студентке ақпараттың үлкен ағымын жеткізеді. Оқу үрдісінде электрондық білім беру ресурстарын қолдану – бұл оқу процесін жетілдіруге, оңтайландыруға, студенттердің пәнге оқуға деген қызығушылығын арттыруға, дамыта оқыту идеяларын жүзеге асыруға, сабақтың қарқынын, өзіндік жұмыс көлемін арттыруға мүмкіндік беретін тәсілдердің бірін ұсыну әрекеті болып табылады.

Published

2023-01-15

How to Cite

Сандибаева Н.А, Гарнаева Г.И., & Ахметова Н.Ж. (2023). ЖОО болашақ физика мұғалімін даярлау үдерісінде электрондық білім беру ресурстарын қолдану әдістемесі. Foundations and Trends in Modern Learning, (1). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/FTML/article/view/651