ЖЕТІСУ АЛАТАУЫНЫҢ ТАҒАМДЫҚ ӨСІМДІКТЕРІ
Keywords:
биологиялық алуантүрлілік, тұжырымдама, жойылып бара жатқан түр, ценопопуляция, жота, тағамдық өсімдік, таулы жүйе, тұқымдасAbstract
Мақалада Жетісу Алатауының тағамдық өсімдіктердің таралу ерекшеліктері қарастырылған. Жетісу Алатауының жотасында анағұрлым кең таралған өсімдік түрлеріне бай тұқымдастар тоқталған: Asteraceae, Poaceae, Fabaceae, Brassicaeae, Rosaceae, Caryophyllaceae, Lamiaceae, Ranunculaceae, Scrophulariaceae, Apiaceae, Boraginaceae, Chenopodiceae, Polygonaceae, Berberidaceae, Iridaceae. Түр санына бай туыстар анықталған, олар: Astragalus, Carex, Artemisia. Жотадағы массивтері анағұрлым ірі көлемде кездесетін тағамдық өсімдіктердің басқа да пайдалы түрлеріне талдау жасалған. Тағамдық өсімдіктердің басым бөлігін Fabaceae тұқымдасының төмендегідей туыстары құрайды: Medicago, Melilotus, Trifolium, Vicia. Тағамдық өсімдіктердің ішінде Asteraceae, Apiaceae жəне тағы басқа тұқымдастар кең таралған. Жотада, жеміс-жидекті өсімдіктерден басқа, тамыры, жапырағы, сабағы жəне тұқымы жеуге жарамды бұталы жəне шөптесін өсімдік түрлері кездеседі, олар: Polygonum coriarium Grig., Rheum wittrockii Lundstr.