Тәңіршілдіктің Ұлы Дала философиясы мен салт-дәстүріне ықпалы
Keywords:
тәңіршілдік, бақсы, Тәңірі, Ұмай Ана, құтAbstract
Мақалада тәңіршілдік дінінің Ұлы Далада таралып, ұлттық сана-сезімнің және салт-дәстүрлерінің қалыптасуына ықпалы ой бағамынан өткізіліп, басқа наным-сенімдермен салыстырмалы талдау жасалады. Тәңіршілдіктің наным-сенімнен қазақ ұлтының мәдениетінің қайнар көзіне айналғаны, қазақ тілінде және салт-дәстүрлерінде сақталған тәңіршілдіктің іздері мен мұрасы жан-жақты қарастырылады. Тәңіршілдік философиясындағы табиғат пен адамзат арасындағы қарым-қатынас, өлім мен өмірге қатысты көзқарастары, қиямет-қайым, аспан, жер, жерасты өмірі, қазақ халқы және басқа түрік халықтарындағы бақсы-дәруіштердің діни салт-дәстүрлердің сақталып, нығайтудағы рөлі түсіндіріледі. Тәңірі ұғымының қазақ және басқа түрік халықтарын біріктіруші күш екенін ескере отырып, тәңіршілдіктің мазмұны мен діни жоралғылары бойынша ұқсас басқа дәстүрлі ұлттық діндермен ұқсастықтары мен айырмашылықтары баяндалады. Әсіресе, қазақ халқының ділі мен дәстүрлерінің сақталуына ықпалын тигізген зороастризм дінімен байланыс сараланады
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.