ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСІНІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ӘСЕРІ
Abstract
Жаһандану дегеніміз - бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми -техникалық саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол - біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономиеалық сауда- саттық қарым - қатынасқа түсіп, дамып келеді. Алысқа бармай - ақ өзіңіз бен өз үйіңізге қараңызшы. Үстіңізде Еуропа елдерінің бірінде тігілген костюм, аяғыңызда Туркиядан әкелген аяқ киім, астыңызда Германия немесе Америкадан шыққан жеңіл автокөлік, үйіңізде Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік Кореядан шыққан шаңсорғыш, Жапонияда шығарылған магнитофон, арабтардың тоқыған кілемі, ас дайындайтын бөлмеңізде Үндістан елінен келген шай, Мароккодан келген апельсин осы сияқты мысалдар шексіз. Мыңдаған жылдар бойы өркениеттік даму шеңберіндегі адамдардың арманы, бір жағынан, басқа ұлттар және ұлыстармен кездесу, мәдениет үлгілермен алмасу, бірге бейбіт өмір сүру тағысын сол сияқты болса, екіншісі, шамасы, ешқашанда орындалмайтын - ғарыштағы басқа саналы тіршілікпен, яғни рухпен жүздесу қиялы болатын. Осы тұрғыдан алғанда, көне заманның атақты императоры, ғұлама Аристотельдің тәрбиесінде болған Ескендір, Орта ғасырдағы теңдесі жоқ ұлы Шыңғыс хан, Иван Грозный тағысын сол сияқты саяси қайраткерлердің іс - әрекеттерінің астарында «жаһандану идеясы» жатса керек. Олай болса жаһандану идеясы философиялық тұрғыдан қажетті түрде қаралап, сарапталуы керек.[1]