БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Authors

  • Жунускулова Мейрамгул Болатовна Алматы облысы Қарасай ауданы, Кемертоған орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі

Abstract

Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.

Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту. Соңғы кездері мектептерде бастауыш сыныптарда білім берудің жаңа технологияларды пайдалана отырып оқытуға көңіл бөлініп, ол іс жүзінде кеңінен қолданылуда. Осындай бір оқушылардың ой-өріс қабілеттерін дамытып, оны сабақтарында дәйекті түрде пайдаланып, бүкіл ұжым болып осы іске бет бұрған мектептер баршылық.

Published

2023-04-02

How to Cite

Жунускулова Мейрамгул Болатовна. (2023). БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ. Foundations and Trends in Research, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/FTR/article/view/1157

Issue

Section

Pedagogical Sciences