Қазақ қоғамы неге экзистенциализммен таныс емес?

Authors

  • Көкенов Сәкен Нұрқабекұлы PhD докторанты Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан

Abstract

Экзистенциализм – ХХ ғасырдың алғашқы жартысы мен ортасында Еуропада үстемдік құрған философиялық бағыт. Кейіннен Америкаға, басқа да әлем елдеріне тарады. Оның пайда болуына түрткі болған ойшылдардың қатарын ХVII ғасырдан бастауға болады. Әйгілі математик Паскальдың көзқарастарында қазіргі ғылым «экзистенциалистік бағыт» деп ат қойған ағымның алғашқы сарындары бар. Одан кейінгі әрі экзистенциализмнің негізін салды делінетін тұлға – ХVIII ғасырда өмір сүрген публицист философ С.Кьеркегор. ХIХ ғасырда бұл бағыттағы ой тізбегін Достоевский мен Ницше жалғады. Бұл екеуін де кәнігі экзистенциалистке жатқызбаймыз. Дегенмен ықпалы жағынан бұл екеуінің еңбектерін экзистенциализмнің негізгі әдебиеттеріне жатқызуға болады.

ХХ ғасырдың алғашқы жартысында неміс философиясының жарқын өкілдері, Хайдеггер мен Ясперстің ізденістері экзистенциализмнің теориялық базасын тудырды. Ал Сартр мен Камью оны әлемге паш етті.

Published

2023-10-29

How to Cite

Көкенов Сәкен Нұрқабекұлы. (2023). Қазақ қоғамы неге экзистенциализммен таныс емес?. Foundations and Trends in Research, (4). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/FTR/article/view/2372

Issue

Section

Philosophical Sciences