ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІ БАЛА МӘДЕНИЕТІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ

Authors

  • Тилеубаева Гулжамила Усеновна әлеуметтану ғылымдарының магистрі, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Аккредитация және мониторинг бөлімінің маманы
  • Турлыбекова Алтынай Асанхановна социология ғылымының кандидаты, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Аккредитация және мониторинг бөлімінің басшысы

Abstract

Қазіргі таңда күнделікті қарқынды өзгеріс бүкіләлемдік деңгейде жүріп жатқанда  әр адамды біртұтас әлеуметтік тұтастық пен қоғамның құрылымына қосуды талап ететін мәселе ең өзекті болып табылады. Әр тұлға өзіне дейінгі ұрпақтың өмір сүру тәжірибесін тыс қалдырмай, өзі өмір сүріп жатқан қоғамның құндылықтарымен қоса игере алуы бұл мәселенің өзектілігін арттыра түседі. Бұл үдерістің негізгі тұжырымдамасы – әр адамға қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік беретін жеке тұлғаны әлеуметтендіру.

Тұлғаның әлеуметтенуі – бұл әр адамның әлеуметтік құрылымға ену үдерісі. Осы үдеріс нәтижесінде қоғамның құрылымы мен әр адамның құрылымында өзгерістер болады. Бұл әр адамның әлеуметтік белсенділігіне байланысты. Осы процестің нәтижесінде әр топтың өзіне тән барлық нормалары игеріледі, әр топтың бірегейлігі көрінеді. Яғни, атадан балаға мирас болып келе жатқан ата-бабамыздың өмір сүру тәжірибесі, өмір сүру салты жаңарып, жаңа кейіпке еніп заманауи түрде дамиды немесе заман талабына сай жоқ болып кетеді. Жеке адам мінез-құлық үлгілерін, құндылықтар мен әлеуметтік нормаларды өз бойына жинақтайды. Мұның бәрі кез-келген қоғамда сәтті жұмыс істеу үшін өте қажет болып табылады.

Published

2023-10-29

How to Cite

Тилеубаева Гулжамила Усеновна, & Турлыбекова Алтынай Асанхановна. (2023). ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІ БАЛА МӘДЕНИЕТІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ. Foundations and Trends in Research, (4). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/FTR/article/view/2373

Issue

Section

Sociological Sciences