КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗІНДЕ ПАЙДАЛАНАТЫН ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Abstract
Технологиясы дамыған және бәсекелестікке негізделген XXI ғасырда білім берудің нақты жолы – сабақтың сапасын арттырып, әдістемелік, тәрбиелік жақтарын жетілдіру болса, қазіргі білім беру жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсатының бірі – кәсіби шындалған және ұлттық тәрбие беру үлгісін жасау. Сондықтан, мектептегі көркем еңбек сабақтарын оқытудың мазмұнына қойылатын талаптардың негізгі қағидалары: еңбекті интеграция арқылы оқыту, тәрбиелеу, дамыту; оқытуда жаңа инновациялық технологияларды пайдалану, білім мазмұнын жаңарту. Осы қабілеттер мен біліктіліктер баланың жас кезінен қалыптасып, оқу және еңбек әрекеттерін орындау кезеңдерінде әрі қарай дамуы керек. Ұлы педагог М.Жұмабаев айтқандай: «Қазақтың тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылуына тіреледі. Мектебімізді сау, берік, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады. Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» [1, 36].
Мектеп - мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның білім беру саласына сұраныстарын қанағаттандыратын қоғамдық мемлекеттік жүйе. Олай болса өсіп келе жатқан ұрпақтың ерекше жоғары дәрежеде дамуына жағдай туғызатын - оның еңбек әрекеті. Сондықтан, қазіргі қоғамда экономикалық және әлеуметтік өмір сүру жағдайлары жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне жаңа талаптар қояды: олар тез оқитын, икемді, коммуникативті дағдыларға ие, стандартты емес шешімдер қабылдай білуі, шығармашылық ойлауы және ақпараттық кеңістікте бағдарлануы керек. Сонымен қатар, дамушы қоғамға таңдау шешімдерін өз бетінше қабылдай алатын, ынтымақтастыққа қабілетті, мәдениетаралық өзара іс-қимылға дайын заманауи білімді, адамгершілік, іскер адамдар қажет [2, 36]. Сондықтан, мұғалімнің алдында сабақтарды қалай қызықты, есте қаларлық ету, оқушыларға не ұсыну керек және сабақта қандай заманауи технологияларды қолданған дұрыс деген міндеттер қойылып тұр. Жалпы айтқанда, қазіргі мұғалімге оқыту процесін, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынасты жаңаша ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа (немесе жақсы ұмытылған) әдістер қажет.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.