СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АҒЫНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨКСАРАЙ СУ ТОРАБЫНДАҒЫ СУ ШЫҒАРУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТӨМЕНГІ БЬЕФІНДЕГІ ДЕҢГЕЙЛІК РЕЖИМІНІҢ ЕСЕБІ

Authors

  • Байжигитова М.Т. аға оқытушы, магистр, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы

Abstract

Сырдария өзеніндегі Көксарай бас су торабы құрамы, өтімі 1800 м3/с суды жеткізу және алып кету арнасы бар су тастағыш пен өтімі 500 м3/с бастоған, сол және оң жағалық дамбылардан тұрады. Су тастағыш пен бастоған біртұтас құрылысынан тұрады [1-4].

            Суды әкету арнасы жер арнада түбінің ені 150,0м, құламасы ылдилығы 1:3 етіп орындалған. Ағынның толқыны алдын алу үшін екі жағынан 160,0м арақашықтықта қорғаныс дамбылары орнатылған. Сырдария өзенінде су тасығнада жерлерді судан көмілуден қорғау үшін, қарама-қарсы оң жағада ұзындығы 1986м, бөгетшесі жотасының биіктігі 215,0м қорғаныс дамбысы тұрғызылған [1].

            Суды жеткізу арнасының оң жағалық бөгетшесінің ұзындығы – 171м, сол жағалықтың ұзындығы – 737м. 213,0м белгіде ені 5м берма бар, диаметрі 15-20см тас төсенішпен бекітілген.

Бас су торабында су тастау және су алу бөліктерінде негізгі жапқыштар сегментті түрдегі, саны тиісінше 5 және 3, 16,0х5,0м саңылауды жабады, максималды арын – 6м.

Сол жағалық қорғау дамбысы: ПК 13+60 бастап 2212м, жотасындағы ені – 5,0м, жоғарғы және төменгі жақтаулары 3,0. Биіктігі, өзендегі өтім 2300 м3/с кезіндегі жоғары су жиегінен 0,5м қормен орындалған.

Published

2024-05-26

How to Cite

Байжигитова М.Т. (2024). СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АҒЫНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨКСАРАЙ СУ ТОРАБЫНДАҒЫ СУ ШЫҒАРУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТӨМЕНГІ БЬЕФІНДЕГІ ДЕҢГЕЙЛІК РЕЖИМІНІҢ ЕСЕБІ. Foundations and Trends in Research, (6). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/FTR/article/view/3693