«FLIPPED CLASSROOMS» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІ МЕН МОТИВАЦИЯСЫН АРТТЫРУДАҒЫ МҮМКІНДІГІ

Authors

  • Елеусизкызы Меруерт Педагогика ғылымдарының магистрі, PhD докторант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Жиенбаева Надежда Бисеновна Психология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Abstract

2020 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты әлемдік деңгейде барлық мемлекеттер ұзақ уақыт бойы оқшаулануға мәжбүр болды.  Яғни, дүниежүзі бойынша адамдардың өмірлік саласының әр қырынан байқалатын ерекшелік ретінде есте қалды [1]. Бұл факт білім беру саласына үлкен әсер етті. Себебі, білім беру орындарының есіктері жабылып, педагогтер мен білім алушылар оқыту процесін онлайн модельдерге бейімдеу қажеттілігі туындады. Осылайша, қашықтықтан оқыту білім беру үрдісі үшін таптырмас қажеттілікке айналды. Дегенмен цифрлық технологиялардың ұсынатын мүмкіндіктері тек дағдарысты шешумен ғана емес, оны әлдеқайда тиімді ету де пайдасы бар екендігіне көзіміз жетіп отыр. Қашықтықтан оқыту, аралас оқыту,  заманауи технологияларды қолдану білім беру процесінің дамуына ықпал ететіндігі айқындалды.

Осылайша, ең қиын кезең аяқталғаннан кейін, 2020-2021 оқу жылын мүмкіндігінше оң қарсы алуға ұмтылған мемлекеттік білім беру мекемелері онлайн оқытумен бетпе-бет дәрістерді біріктіруді ұсынды [2]. Пандемия білім беру мекемелерін цифрлық технологияларды қолдануға тез бейімделуге мүмкіндік бере отырып, цифрлық сауаттылықтың жалпы деңгейін арттырды.

Осы бағытта студенттерге білім беру процесін жекешелендіруге, көбірек икемділік пен мүмкіндіктер беретін дәстүрлі оқыту мен қашықтан оқытуды біріктіретін технологиялар өзекті бола бастады.

Published

2024-05-26

How to Cite

Елеусизкызы Меруерт, & Жиенбаева Надежда Бисеновна. (2024). «FLIPPED CLASSROOMS» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІ МЕН МОТИВАЦИЯСЫН АРТТЫРУДАҒЫ МҮМКІНДІГІ. Foundations and Trends in Research, (6). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/FTR/article/view/3716

Issue

Section

Pedagogical Sciences