МЕНІҢ ҚАЛАМНЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЛАСТАНУЫ, ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ, ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ЖОЮ ЖОЛДАРЫ
Keywords:
қатты тұрмыстық қалдықтар, қалдықтарды жинау, өңдеу, қоршаған ортаны қорғау, өмір тіршілік қауіпсіздігі, қайта пайдалану, жоюAbstract
Жұмыстың негізгі мақсаты: Алматы қаласының қатты тұрмыстық қалдықтарын жинау, шығару, жою жүйелеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалу жағдайын, экологиялық қауіпсіздігін бағалау. Мақалада Алматы қаласының КММ коммуналдық мемлекеттік мекеме) «Экология және қоршаған орта басқармасы» бөлімінің есеп беру құжаттары мәліметтері бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, жою, кәдеге жарату туралы талдау жасалды. Қатты тұрмыстық қалдықтармен қаланың ластануы экологияға, қоршаған ортаның ластануына, тұрғындар денсаулығының экологиялық қауіпсіздігіне елеулі әсерін тигізіп отыр. Атқарылған жұмыстың іс жүзіндегі маңыздылығы, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі саласында оқу материалы ретінде пайдалану және осы жұмыс бойынша оқу-әдістемелік нұсқау шығару. Қалалық округінің аумағында қалдықтарды бөлек жинауды кезең-кезеңімен енгізу жүзеге асырылуда. Осы мақсатта көпқабатты тұрғын үйлердің контейнерлік алаңдарына, сондай-ақ жағажайлар мен саябақтар сияқты халықтың жаппай демалатын орындарына 63 контейнер орнатылды. алдықтарды сұрыптау кешенінде сұрыптаудан кейін 11,48% қайталама шикізат алуға болады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License
This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.