"МЕДЕУ" ӨҢІРЛІК ТАБИҒИ САЯБАҒЫНЫҢ ТОПЫРАҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Keywords:
антропогендік әсер, техногендік әсер, жайылымдық дигрессия, деградация, көшкін, эрозиялық үрдістерAbstract
Зерттеу барысында топырақ жамылғысының жалпы экологиялық жағдайлары, яғни антропогендік әсер, техногендік әсер, жайылымдық дигрессия, деградация, көшкін, эрозиялық үрдістер анықталды. Зерттеу барысында көптеген антропогендік, террассалы жайылымдық жолдар анықталды. Таулы аумақтардың топырақ-өсімдік жамылғысының деградацияға ұшырауының негізгі факторы жайылымдық дигрессия болып табылады. Малды шамадан тыс артық жаю, ең алдымен, өсімдік жамылғысының бұзылуынан, оны толығымен жойғанға дейінгі жерлерде, топырақтың беткі қабаттарының жойылуынан көрінеді.
Жұмыстың мақсаты: "Медеу"өңірлік саябағы қорық аймағының бастапқы топырақ-экологиялық жай-күйін және топырақ жамылғысына антропогендік, техногендік және табиғи әсер ету дәрежесін анықтау.
Жұмыстың ғылыми маңыздылығы. Алғаш рет "Медеу"аймақтық саябағы қорық аймағының топырақ-экологиялық функцияларына әсер ететін түрлі факторлар жағдайында топырақтүзудің теориялық мәселелері зерттелді болады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License
This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.