КҮҢГІРТ ҚАРА ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ТОПЫРАҚ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Authors

  • Қозыбаева Фарида Есенкожановна биология ғылымдарының докторы, профессор, Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты 050060, Қазақстан, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 75В
  • Бейсеева Гульжан Бейсеевна ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Бас ғылыми қызметкер, Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты 050060, Қазақстан, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 75В
  • Токтасинова Ляззат Ратбековна биология-география пәнінің мұғалімі, педагог-модератор, Қазақстан, Алматы қаласы, Алатау ауданы,№149 ЖББ мектеп
  • Мұратова Гулжайна биология-география пәнінің мұғалімі, педагог-модератор, Қазақстан, Алматы қаласы, Алатау ауданы,№149 ЖББ мектеп
  • Жұмабаева Нұршат жас зерттеушілер,11 А сынып оқушысы, Қазақстан, Алматы қаласы, Алатау ауданы,№149 ЖББ мектеп
  • Оразалиева Айгерім жас зерттеушлер, 11 А сынып оқушысы, Қазақстан, Алматы қаласы, Алатау ауданы,№149 ЖББ мектеп

Keywords:

микроартроподы, Oribatеi, Collembola, протеи, актиномицеты, ископаемое-яма, биоуголь

Abstract

Микроартроподтардың фауналық құрамы, саны мен топырақта жайғасуы тәжірибе нұсқалары бойынша біркелкі емес, өте аз мөлшерде кездеседі. Саны бойынша да, туыстық құрамы бойынша да сауытты кенелер - Oribatеi басым жағдайға ие, Collembola сирек және бірлі жарымды мөлшерде кездеседі. Микроартроподтар ылғал сүйгіш жануарлар. Тың жердің топырақтарында тәжірибе алаңшарының топырақтарымен салыстырғанда жауын құрттарының көп кездесуі қоректік заттардың мол болуымен байланысты. Тәжірибе алаңшаларының топырақтары жыл сайын ауыр тракторлармен жыртылады, тығыздалады. Қоректік заттардың мөлшері аз. Қазба шұңқыр қазған кезде жауын құрттарының копролиттері кездеседі, алайда олардың мөлшері өте аз болды. 0-20 см тереңдіктен алынған топырақ үлгілерінде микробтардың жалпы саны бақылау нұсқаларында 1,7-дан 3,2 млрд. КОЕ/г жетті, сондай-ақ биокөмір енгізілген тәжірибе нұсқасында 2,0×106 - 2,8×106 КОЕ/г құрайды. Топырақ үлгілерінде микробтардың жалпы санын  зерттеген кезде кілегейлі және өрмелегіш протеилер, актиномицеттердің қызғылт-сары колониялары басым болды.

Published

2024-09-09

How to Cite

Қозыбаева Фарида Есенкожановна, Бейсеева Гульжан Бейсеевна, Токтасинова Ляззат Ратбековна, Мұратова Гулжайна, Жұмабаева Нұршат, & Оразалиева Айгерім. (2024). КҮҢГІРТ ҚАРА ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ТОПЫРАҚ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ. Foundations and Trends in Research, (7). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/FTR/article/view/4150

Issue

Section

Biological Sciences