ҚАЗАҚ ТОПОНИМДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Keywords:
қазақ топонимдері, түркітілдес халықтар, жер-су атаулары, ономастика, көршілес халықтарAbstract
Мақалада қазақ топонимдерінің пайда болуына, қалыптасуына түркітілдес және өзге де көршілес халықтардың тигізген әсері туралы айтылады. Топонимдердің пайда болу, қалыптасу тарихын зерттеуші ғалымдар өз еңбектерінде еліміздің топонимдерiнiң пайда болуына себеп сол кездегі көршілес елдермен арадағы саяси, тарихи оқиғалардың әсері болғандығын айтқан болатын.
Мақалада Қазақстан жерінде болған және көршілес халықтар туралы материалдар пайдаланыла отырып, қазақ халқымен туыстас басқа да түрік және қазақ тайпаларының ертедегі дәуірінен бастап, қазіргі ұлт болып қалыптасуына дейінгі дәуірдегі топонимдерімен байланыстыра қарастырылды. Топонимдерді ұлт тарихымен байланыстыра зерттеу – қазіргі ономаст ғалымдардың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақ тілі негізінде жасалған Қазақстан топонимдері бір ғасырдың ғана жемісі емес, олар ертеден-ақ Қазақстанда біздің дәуірімізге дейін болған, кейіннен қазақ халқының этникалық құрамына енген рулардың, тайпалардың тілдері негізінде жасалған.
Географиялық атауларға байланысты зерттелінетін қазақ фольклорында да деректер аз емес. Мысалы, әрбір эпоста және оның варианттарында кездесетін топонимдерді тарихи шындықпен салыстыра отырып зерттеу фольклористикаға қатысты. Сондықтан да, мақалада келтірілген фактылардың барлығы да топонимиканың жалғыз тіл ғылымы үшін ғана емес, басқа ғылымдар үшін де маңызы зор екендігін көрсетеді.
Published
How to Cite
Issue
Section
License
This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.