ТЕРЕҢ НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕР НЕГІЗІНДЕ ЗАТТАР ИНТЕРНЕТІНІҢ ЖЕЛІЛІК ТРАФИГІНДЕГІ АУЫТҚУЛАРДЫ АНЫҚТАУ
Abstract
Бұл мақалада зерттеу жұмысы терең нейрондық желілер әдістерін қолдана отырып, заттар интернетінің (IoT) желілік трафигіндегі ауытқуларды анықтауға бағытталған. Заттар интернеті (IoT) қазіргі заманғы цифрлық технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады, алайда ол жиі түрлі шабуылдар мен киберқауіптерге ұшырайды. Осыған байланысты желілік трафиктегі аномалияларды уақытылы және дәл анықтау өте маңызды.
Зерттеу барысында IoT құрылғыларының желілік трафигі үшін арнайы деректер жинағы қолданылды. Терең нейрондық желілер деректерді тиімді талдау және аномалияларды дәл анықтау үшін пайдаланылды.
Зерттеудің негізгі мақсаты — желілік трафиктегі шабуылдар мен ауытқуларды анықтау дәлдігін арттыру, сонымен қатар мәліметтердің құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жұмыс нәтижесінде ұсынылған модель желілік қауіпсіздікті жақсартуға және IoT құрылғыларының қауіп-қатерлерге төзімділігін арттыруға ықпал етеді.
Бұл зерттеу IoT құрылғыларының желілерінде киберқауіптерді анықтау саласындағы зерттеулерге өз үлесін қосады және желілік қауіпсіздікті күшейту үшін маңызды практикалық шешімдер ұсынады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.