Виртуалды шынайылық пен жасанды интеллект технологияларын білім саласында қолдану
Abstract
Мемлекет табысты болуы үшін білім беру ұйымдары негізгі миссиясын сапалы орындау қызметін ұсынуы тиіс, атап айтқанда, жылдам технологиялық, мәдени, экономикалық және демографиялық өзгерістер заманында әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті білім алушыларды қалыптастыруға қабілетті болуы. Заман талабына сай, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудағы басты жауапкершілік білім беру жүйесіне түседі. Ол жауапкершілікті орындау үшін білім беру ұйымдары, оның ішінде мектептер заманауи технологиялық және инновациялық трендтермен бірге дамумен шектелмей, сол трендтерді өзі қалыптастыратын әлеуеті болуы маңызды. Оқу үдерісін инновацияланған форматта жүргізу, заманауи технологияларды білім саласына интеграциялау жолымен еңбек нарығындағы біліктілік пен құзыреттілік сұранысын қанағаттандыру үшін білім саласындағы зерттеулер болашақ өзекті тақырыптарды анықтап, зерттеу жолымен олардың ғылыми негізділігін анықтауы маңызды.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.