БУЛЛИНГ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ЖАРАҚАТТАН КЕЙІНГІ СТРЕССТІК БҰЗЫЛЫСТЫҢ ЖӘНЕ СУИЦИДТІҢ ДАМУ ҚАУПІНІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

Authors

  • Оразбай Ә.М. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 2 курс магистранты, «ҚДСЖМ» Қазақстан медициналық университеті ЖШС, Алматы қ., Қазақстан
  • Аманбаев А.А. ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының директоры, Алматы қ., Қазақстан
  • Магулова Г.Т. ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының зертхана меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан

Keywords:

жарақаттан кейінгі стресстік бұзылыс (ЖКСБ), құрбандар, бұзақылар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

Abstract

Оқушылар арасындағы буллинг – бұл физикалық, вербалды немесе психологиялық зорлық-зомбылықтың кең таралған түрі, ол олардың психикалық және физикалық денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Зерттеулер буллингтің жарақаттан кейінгі стресстік бұзылыс (ЖКСБ) және суицид сияқты ауыр салдарларға әкелуі мүмкін екенін көрсетеді. Бұл шолуда буллингтің осы екі ауыр салдарымен байланысы, оның статистикасы және алдын алу шаралары қарастырылады. Буллинг - буллинг құрбандары үшін де, бұзақылардың өздері үшін де, эмоционалды және физикалық зорлық-зомбылықтың үнсіз куәгерлері үшін де ауыр зардаптарға әкелетін өте күрделі мәселе. Ересектер, ата-аналар мен мұғалімдер бұзақылықты балалар үшін табиғи деп санайтын, балалар "осылай ойнайды", ал ұлдар "әрқашан төбелеседі" деп ақтайтын. Қазіргі таңда, балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг ақыры бұқаралық ақпарат құралдарының назарына ілікті, ал қоғамдық наразылық ата-аналарды, мұғалімдерді мен саясаткерлерді зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар қабылдауға мәжбүр етеді.

Published

2024-12-23

How to Cite

Оразбай Ә.М., Аманбаев А.А., & Магулова Г.Т. (2024). БУЛЛИНГ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ЖАРАҚАТТАН КЕЙІНГІ СТРЕССТІК БҰЗЫЛЫСТЫҢ ЖӘНЕ СУИЦИДТІҢ ДАМУ ҚАУПІНІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ. Foundations and Trends in Research, (8). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/FTR/article/view/5000