Құндылыққа негізделген мектеп: оқушы тұлғасын дамытудағы жаңа тәсілдер
Keywords:
құндылыққа негізделген білім, тұлғалық даму, мектеп, әдістеме, тәрбие, педагогикалық тәжірибеAbstract
Бұл әдістемелік мақалада білім беру үдерісінде оқушы тұлғасын жан-жақты дамыту мақсатында құндылыққа негізделген мектеп моделін енгізу тәжірибесі сипатталады. Құндылыққа негізделген білім беру – оқушылардың бойына адамгершілік, жауапкершілік, адалдық, өзара құрмет, төзімділік, еңбекқорлық сынды өмірлік маңызы бар қасиеттерді сіңіріп, оларды саналы, жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеудің тиімді тәсілі.
Мақалада автор құндылықтарды сабақ үдерісіне кіріктіру жолдарын, оқушылардың құндылықтық бағдарын дамытуға арналған әдістерді (жобалық жұмыс, рефлексия, жағдаяттық тапсырмалар, қоғамдық пайдалы әрекеттер) жан-жақты сипаттайды. Сонымен қатар, мектеп тәжірибесінде қолданылған нақты сабақ құрылымы мен оқушы әрекеті, олардың өзгерісі мен даму динамикасы мысалдар арқылы көрсетіледі. Авторлық бағдарлама негізінде алынған нәтижелер мен тиімділік көрсеткіштері кестелер мен диаграмма арқылы ұсынылады.
Бұл мақала құндылықтық білім беру бағытында жұмыс істейтін педагогтерге әдістемелік көмек құралы ретінде ұсынылады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.