Қазақстандағы инвестициялық саясат және оның әлеуметтік-экономикалық әсері

Authors

  • Масабаева А.М Қонаев Университеті, экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Исупжанов А.А. «Қаржы» білім беру бағдардамасының, 3 курс білім алушысы

Abstract

Қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде инвестициялық саясаттың орны ерекше. Инвестиция – тек капитал құю ғана емес, ол жаңа технологияларды енгізу, жұмыс орындарын ашу, өндіріс тиімділігін арттыру және халықтың әл-ауқатын көтеру тетігі болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері инвестиция тартуды стратегиялық басымдық ретінде қарастырып келеді.

2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялап, елдің алдағы жылдардағы стратегиялық даму бағытын айқындады. Жолдаудың негізгі өзегі – цифрландыру, жасанды интеллектті дамыту, халықаралық бәсекеге қабілеттілікті арттыру және инвестициялық саясатты түбегейлі жаңғырту болды.

Published

2025-11-03

How to Cite

Масабаева А.М, & Исупжанов А.А. (2025). Қазақстандағы инвестициялық саясат және оның әлеуметтік-экономикалық әсері. Foundations and Trends in Research, (11). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/FTR/article/view/7036