Болашақ математика мұғалімдерін даярлауда математиканы оқытудың әдістемелік жүйесін жобалаудың дидактикалық негіздері
Abstract
Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаһандық өзгерістер педагог кадрларды даярлау мазмұнына жаңа талаптар қоюда. Әсіресе, математикалық білім беру саласында болашақ мұғалімнің тек теориялық білімді меңгеруі жеткіліксіз болып, кәсіби-педагогикалық, әдістемелік және цифрлық құзыреттіліктерді кешенді түрде қалыптастыру қажеттілігі артып отыр. Бұл жағдай математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудың дәстүрлі тәсілдерін қайта қарастырып, оқытудың әдістемелік жүйесін ғылыми негізде жобалауды талап етеді. Қазіргі таңда білім алушының танымдық белсенділігін дамыту, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, математикалық ойлауын жетілдіру және практикалық міндеттерді шешуге бейімдеу мәселелері математикалық білім берудің негізгі бағыттарының біріне айналды.
Болашақ математика мұғалімдерін даярлау жүйесінде әдістемелік даярлықтың маңызы ерекше. Себебі мұғалімнің кәсіби сапасы тек пәндік білім деңгейімен емес, сол білімді тиімді ұйымдастыра алуымен, оқытудың әдістері мен технологияларын орынды қолдануымен, оқу процесін педагогикалық тұрғыдан жобалай алуымен анықталады. Осыған байланысты математиканы оқытудың әдістемелік жүйесін жобалау мәселесі педагогикалық білім беру теориясы мен практикасындағы өзекті ғылыми бағыттардың бірі болып табылады. Әдістемелік жүйені жобалау барысында оның құрылымдық компоненттері, дидактикалық негіздері, оқыту мақсаттары мен мазмұны арасындағы өзара байланыс жүйелі түрде қарастырылуы қажет
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.