НАУБАЙХАНА ПЕШІНІҢ ҚЫЗДЫРУ ДЕҢГЕЙІН FUZZY LOGIC НЕГІЗІНДЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БАСҚАРУ МОДЕЛІН ӘЗІРЛЕУ

Authors

  • Утепбергенов Ирбулат Туремуратович техника ғылымдарының докторы, профессор, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қ.
  • Рабат Санжар Қуанышұлы магистрант, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қ.

Keywords:

Наубайхана өндірісі, Fuzzy Logic, Mamdani, MATLAB, анық емес логика, қыздыру деңгейі, пісіру уақыты, ылғалдылық, интеллектуалды басқару

Abstract

 

Аннотация: Мақалада наубайхана өндірісіндегі пісіру процесін интеллектуалды басқару мәселесі қарастырылады. Нан өнімдерінің сапасы пеш температурасы, ылғалдылық және пісіру уақыты сияқты технологиялық параметрлерге тікелей тәуелді. Осы параметрлердің өзгеруі дайын өнімнің сапасына және энергия шығынына әсер етеді. Зерттеу мақсаты - наубайхана пешінің қыздыру деңгейін температура, ылғалдылық және пісіру уақытына байланысты Fuzzy Logic әдісі арқылы интеллектуалды басқару моделін әзірлеу және оның сәйкестігін тексеру. Зерттеу барысында MATLAB ортасындағы Fuzzy Logic Toolbox көмегімен Mamdani типіндегі анық емес басқару моделі әзірленді. Модель үш кіріс параметрінен тұрады: Temperatura, Humidity және Cooking_time. Шығыс параметрі ретінде High_level_control, яғни қыздыру деңгейін басқару сигналы алынды. Әр параметр үшін бес лингвистикалық терм қолданылып, 35 ережеден тұратын басқару базасы құрылды. Rule Viewer және Surface Viewer нәтижелері модельдің қалыпты, қыздыруды арттыру және қыздыруды төмендету режимдерін дұрыс ажырататынын көрсетті

Published

2026-05-31

How to Cite

Утепбергенов Ирбулат Туремуратович, & Рабат Санжар Қуанышұлы. (2026). НАУБАЙХАНА ПЕШІНІҢ ҚЫЗДЫРУ ДЕҢГЕЙІН FUZZY LOGIC НЕГІЗІНДЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БАСҚАРУ МОДЕЛІН ӘЗІРЛЕУ. Foundations and Trends in Research, (13). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/FTR/article/view/8840