Әліпби үшін қандай қаріптерді таңдаған дұрыс? (шетелдік тәжірибе мысалдары)

Authors

  • Диханбай А. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, «Медиадизайн» мамандығының 2-курс магистранты

Abstract

Балалардың бойына сауаттылықпен қатар эстетикалық сезім ұялату үшін жастайынан әдемілікке баулыған дұрыс, алайда кей дизайнерлік шешімдерді балалар қабылдай алмай қала ма деген сұрақ та туындауы мүмкін. Мұның бәрі алға қойған міндет пен макетке (верстка) байланысты. Оқулық қай жасқа арналған? Қанша мәтін болады? Иллюстрациялар қандай болады? Осы уақытқа дейін балалар әдебиетінің дизайнында белгілі қалыптасқан қағидалар белгіленген. Мысалы, антикварлық шрифттерді тек 11 жастан асқан балаларға арналған әдебиетте қолдануға болады дейді. Оқулықтарда стандарт бойынша sans-serif қаріптерін, яғни кертілмеген таңбаларды (без засечек) пайдалануды талап етеді. Бұл стандарттар кеңестік кезеңнен бері бар және олардың орындылығы сұрақтар тудырады.

Published

2023-05-28

How to Cite

Диханбай А. (2023). Әліпби үшін қандай қаріптерді таңдаған дұрыс? (шетелдік тәжірибе мысалдары). Modern Scientific Technology, (3). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSC/article/view/1608