Сабақтастық негізінде орта мектепте қарапайым сызықтық теңдеулерді үйрету әдістемесі

Authors

  • Есенова Мария Ибрашевна Педагогика ғылымдарының кандидаты
  • Мади Алия Абай ат. ҚазҰпу, 2-курс магистранты

Abstract

Оқушылардың жалпы математикалық білім деңгейлерінің дамуына, қалыптасуына мүмкін болатын жағдайда теңдеулер мен теңдеулер жүйелерін графиктік жолмен шешудің де айтарлықтай пайдасы бар. Олай болса, теңдеулер мен теңдеулер жүйелерін функция ұғымы мен логикалық сәйкестікті қарсатырған, зерттеген жөн.

Мысалы, ax^2 + bx + c = 0 квадрат теңдеуін графиктік жолмен шешу үшін берілген теңдеуге логикалық жағынан сәйкес келетін y=ax^2+bx+c квадраттық функциясының гафигін саламыз. Егер берілген квадрат теңдеудің нақты түбірлері болса, онда олар сәйкес параболаның  абциссалар осімен қиылысу нүктелері болады [1, 81-81 с.].

Мектепте, теңдеулер мен теңдеулер жүйелін оқыту бағдарламалық жүйесін басшылыққа ала отырып, оларды  сәйкес логикалық даму тұрғысынан қарастырған дұрыс. Осы орайда алдымен жай бір белгісізді сызықтық теңдеулерден бастап, біртіндеп оқушылардың математикалық түсініктерінің дамуына лайықтап теңдеулер мен теңдеулер жүйелерін күрделілендіруге көшуді әдістемелік талапқа сай келеді деп есептеуге болады. Егер белгісіз шамаға саны шектелген қосу, көбейту, бөлу, бүтін дәрәжеге дәрежелеу және түбір табу операциялары орындалса, онда теңдеуді алгебралық теңдеу деп атайды.

Published

2023-05-28

How to Cite

Есенова Мария Ибрашевна, & Мади Алия. (2023). Сабақтастық негізінде орта мектепте қарапайым сызықтық теңдеулерді үйрету әдістемесі. Modern Scientific Technology, (3). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSC/article/view/1610

Issue

Section

Physical and mathematical science