Есенғали Раушанов поэзиясындағы «Біз» концептісі

Authors

  • Самат Думан Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің магистранты

Abstract

Филологияда көркем мәтін бұрын дәстүрлі-құрылымдық талдау аспектісінде зерттеліп келсе, осы кездерден бастап адамның танымдық әркеттерін тілі арқылы түсіндіруде. Бұл тұрғыда бастапқыда когнитивтік лингвистика саласы қарқынды жұмыс атқарды. Әлемнің тілдік бейнесін танытатын когнитивті лингвистиканың когниция, ойлау, концепт, концептуалдылық, таным, концептосфера, т.б. пәндік ұғымдары айқындалды.

Концепт терминінің теориялық негіздері Д.С.Лихачев, Н.Д.Арутюнова, Е,С.Кубрякова, А.Н.Мороховский, Н.К.Рябцева, В.А.Маслова, А.Я.Гуревич, А.А.Залевская т.б. зерттеу еңбектерінде қарастырылса, қазақ тіл білімінде  концепт термині А.Қайдар, Р.Сыздық, Ж.Манкеева, Н.Уалиев, Б.Қалиев, Қ.Жаманбаева, М.Күштаева, А.Ислам т.б. зерттеушілердің еңбектерінде әр қырынан зерттеледі.

Концепт – сыртқы дүние мен адам санасындағы ұғымдардың жан-жақты жинақталып, ақиқат дүниенің ұлттық, мәдени, руханиретінде көрініс табуы. Адам танымындағы ұғымдар эмоционалды көңіл-күй арқылы, ішкі сезім арқылы танылатын концептілер. Концепт – ұғымы бар, енген нақты лингвомәдени контекст.

Published

2023-05-28

How to Cite

Самат Думан. (2023). Есенғали Раушанов поэзиясындағы «Біз» концептісі. Modern Scientific Technology, (3). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSC/article/view/1614

Issue

Section

Philological Sciences