ТМД ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ СУ РЕСУРСТАРЫ ЭНЕРГИЯСЫ БОЛЖАМДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАУІПСІЗДІГІ

Authors

  • Жандарбек Мақпал Сембекқызы «Өмір тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» кафедрасының оқытушысы, ғылым магистрі, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

Abstract

Кең ауқымды, пайдалануда  болашағы зор болып, өзен энергияларын  пайдалану  саналады. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы  (ТМД) мемлекеттері, экономикалық  тиімділігі жоғары  гидроэнергетика  қорларына  өте бай, олардың қоры   1100   млрд. кВт. сағ.  деп  бағаланады  және  әлемде көлемі жағынан  екінші  орын  алады [1]. Соған  қарамастан, 2003  жылғы  деректер бойынша  пайдалы көлемнің  20 % - ы ғана  игерілген. Ал, әлемде  экономикалық  тиімді  гидроэнергетика  ресурстарын пайдалану  деңгейі  30%   құрайды. ТМД  елдерінде  гидроэнергетика  ресурстарын  пайдалану бүгінгі  таңда өте  төмен болып  отыр (1-кесте) [2].

Су  энергиясының  потенциалы  жағынан  Қазақстан және Орта  Азия  аумағы  ТМД – да, Сібірден  кейін екінші орын  алады [3]. Жалпы, теориялық  су потенциалы 750 млрд. кВт. сағ.  деп  бағаланады, оның  ішінде техникалық потенциалы   305,8 млрд. кВт. сағ.  құрайды, ал республикалар бойынша  үлес былай:  Тәжікстан - 143,6; Қырғызстан - 72,9; Қазақстан - 61,9; Өзбекстан – 27, 4 млрд. кВт. сағ.  Техникалық  су потенциалы – Қазақстанда – 13 %; Қырғызстанда – 14 %; Тәжікстанда – 11 %; Өзбекстанда – 25 % құрайды.

Published

2023-05-28

How to Cite

Жандарбек Мақпал Сембекқызы. (2023). ТМД ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ СУ РЕСУРСТАРЫ ЭНЕРГИЯСЫ БОЛЖАМДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАУІПСІЗДІГІ. Modern Scientific Technology, (3). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSC/article/view/1627

Issue

Section

Technical science