ЗЕРТТЕУ ӘДІСІН ҚОЛДАНЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛАЙ ДАМЫТУҒА БОЛАДЫ?

Authors

  • Н.Қ.Балажігітова
  • Б.С. Бейбітов
  • Ә.А. Аділханов

Abstract

Қазіргі таңда Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі бағалау жүйесі бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ), тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) және сыртқы жиынтық бағалау (СЖБ) болып үшке бөлінеді. Оқушылардың  БЖБ және ТЖБ нәтижесі тоқсандық бағаға әсер ететін болғандықтан, бұл өзекті мәселе деп санаймын. Іс- әрекеттегі зерттеуді (Action research) жүргізу үшін проблеманы анықтау мақсатында 10 сынып оқушыларының тарау бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының нәтижелерін талдадым. ТЖБ кезінде оқушылардың ойлау дағдыларының деңгейі (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау) тексеріледі. Талдау барысында жоғары дағдылар тобы ( талдау, жинақтау және бағалау) бойынша оқушыларда қиындықтар туындағандығы анықталды.    Сонымен қатар зертханалық жұмыстар жүргізу барысында оқушылардың жинақтау, талдау және бағалау дағдыларының төмендігі айқындалды.

Published

2023-09-11

How to Cite

Н.Қ.Балажігітова, Б.С. Бейбітов, & Ә.А. Аділханов. (2023). ЗЕРТТЕУ ӘДІСІН ҚОЛДАНЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛАЙ ДАМЫТУҒА БОЛАДЫ?. Modern Scientific Technology, (4). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSC/article/view/2098

Issue

Section

Economic sciences