ТЕХНОГЕНДІК БҮЛІНГЕН ЖЕРЛЕРДІҢ ТОПЫРАҚ-ӨСІМДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ АУЫР МЕТАЛДАР
Keywords:
топырақ, ауыр металдар, эрозия, мырыш зауыты, топырақтың ластануы, ШРКAbstract
Биологиялық рекультивация жүргізілген өсімдік үшін улы үйінділердің тәжірибе телімдеріндегі жас топырақтарда алғашқы топырақтүзілу үрдісі жүруде. Топырақты, өсімдіктерді ластайтын және биотаға әсер ететін зауыттың негізгі шығарындылары ауыр металдар болып табылады. Мырыш, қорғасын, мыс және кадмий басым ластаушы заттар болып табылады. Сонымен, топырақтағы осы элементтердің жалпы формалары ШРК-дан жүздеген есе, жылжымалы 6-7 есе асады. Қорғасын зауытының маңында өсетін өсімдіктерде қорғасынның мөлшері артық болғанда өсімдіктің жапырағының жиектері жиырылып, тамырлары қысқа, құба түстес болады. Өсімдіктердің жапырақтары сарғыш тартып, құрт жегендей тесік-тесік болып келеді. Сондай-ақ, жапырақтардың жиектері қызыл-қоңыр түсті, бойы аласа болып келеді.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.