БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫ ЗЕРТТЕУ

Authors

  • Нәлібаева М.Қ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Атаева Г.М Биология ғылымының кандидаты, доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Keywords:

функционалдық сауаттылық, ғылыми- жаратылыстану сауаттылық, негізгі жалпы білім беру, креативті ойлау, жаһандық құзыреттілік

Abstract

Қазіргі таңда білім беру моделінің мәселелерін талқылауға педагогика ғылымында ерекше назар аударылады. Ұстаздар білім алушылардың оң көзқарастарын, оқуға деген ынтасын және әртүрлі жағдайларда мінез-құлық стратегияларын дамытуға бағытталған жылдам өзгеретін әлемде білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын үнемі іздестіруде. Еліміздегі әртүрлі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі шешіммен өзгертті. Білім берудің жаңа үлгісін ендіру тұлғаны дамыту үдерісі ретінде тәрбиеге басты назар аударылуда. Сонымен қатар, бүгінде таңда биология пәні бойынша оқушылардың функционалдығын арттырудың негізгі процестерін қарастыру өзекті бола бастады.

 

Мақалада оқушылардың биология пәнінен функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша зерттеу әдістері теориялық нәтижелері бойынша келтірілген. Бұл жұмысты зерттеудің негізгі мақсаты оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, ғылыми білім жүйесіне негізделіп, танымның логикалық –саналы тәсілдеріне арқа сүйей отырып, білім алушыға берілетін теориялық біліммен сипатталып, ғылыми категориялар мен дәлелдерді кеңінен пайдалануға машықтандыратын тиімділікті талдау болып табылады. Білім алушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алудың тиімділігін және әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету үшін теориялық зерттеулер жүргізілген.

 

Теориялық зерттеулерді негізге ала отырып, қоғамда тұлғаның тиімді интеграциялану мүмкіндігі жоғарғы құрылымының көрсеткіштерімен анықталды және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру проблемасының өзектігін негіздеуде корреляцияның өте жоғары коэффициенттерімен сипатталды. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру туралы ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттерді талдау айтарлықтай әсер еткені анықталынды

Published

2023-12-25

How to Cite

Нәлібаева М.Қ., & Атаева Г.М. (2023). БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫ ЗЕРТТЕУ. Modern Scientific Technology, (5). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSC/article/view/2722

Issue

Section

Biological Sciences