Фельетон жанрының мектебін қалыптастырушы
Abstract
Қазақ журналистикасында белгілі бір салаға, тақырыпқа маманданған журналистер мектебі қалыптасып қалды. Соның бірі фельетон жанры болса, оның мектебін қалыптастыруда Нури Муфтахтың өзіндік қолтаңбасы, үлкен үлесі бар. Ол қырық жылдан астам уақыт осы бір қиын да күрделі жанрда әр түрлі тақырыпта қалам тербеген. Кеңес тұсындағы баспасөз бен әдебиетте фельетон мүлде басқа мағына, жаңа түр, жаңа сипатта қолданылды. Ол сол кездегі өткір сын рухында жазылған, өзінің көздеген мақсатына баяндаудың ерекше тәсілдерін қолдану арқылы жететін әдеби материал саналды. Фельетонда сықақ пен мысқылдың элементтері болады, оның стилі образды, қызықты және жеңіл келеді. Кекесін мен келекені, өткір де мәнерлі теңеулерді шебер қолдана отырып, фельетонист кеңес адамы санасындағы ескінің сарқыншақтарын уытты тілмен әшкерелейді, көргенсіздік пен менмендікті, үйренген бір әдеттен таңбаушылық пен кертартпалықты, жағымпаздық пен жарамсақтықты, сұғанақтық пен ұрлықты шенейді. Ескілік сарқыншақтарынан арылмағандар мен кемшілікке кінәлілерді келемеждей отырып, фельетон адамдардың шығармашылық еңбек етуіне, біздің қоғамның ілгері басуына кедергі жасайтын ұнамсыз құбылыстармен күрес мақсатына қызмет етеді.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.