Былғары өндірісінде қолданылатын құрамында илік заттары бар өсімдіктер

Authors

  • Сейтбекова Гульназия Аташбековна Техника ғылымының кандидаты, доцент
  • Нұрқұл Мейірім Қайратқызы студент
  • Қиялова Әсел Қалмаханқызы студент
  • Усипова Аймен Ғабитқызы студент
  • Шаихова Фатима Садуахасовна Жамбыл политехникалық жоғары колледжі

Abstract

Илік заттар өнеркәсіптің көптеген салаларында табиғи ингредиент ретінде кеңінен қолданылады. Олар тамақ, текстиль, былғары, косметологиялық, фрамацевтикалық, медициналық және адам қызметінің басқа да салаларында қолданылады.

«Илік заттар» термині органикалық заттардың, жиі табиғи полифенолдардың «илегіштік» қасиеті деп түсіндіріледі. Бұл атау жасуша құрамында мал терісін илеуде қолданылатын және оған жұмсақтылық, беріктілік, су өткізбеушілік, түс және т.б. бірқатар құнды техникалық қасиеттер беретін ерекше заттары бар өсімдіктерді біріктіреді. Илік заттарды басқаша таннидтер (таниндер) деп те атайды.

Тәжірибеде қолдану үшін құрамында таннидтердің айтарлықтай мөлшері бар және қосымша зиянды әсерлер туғызбайтын өсімдіктер ғана қызығушылық тудырады. Илік заттар күрделі органикалық қосылыстар ретінде өзінің химиялық құрамы бойынша өзара бір-бірінен ерекшеленеді, сонымен қатар бір қатар қасиеттерге ие: олардың барлығы суда ериді, тұтқыр қышқыл дәмі бар, темір тұздарымен қара немесе көк-жасыл түске боялады, спирт, ақуыз, калий бихроматы әсерінен ерітінден тұнбаға түседі және ауада қызғылтым немесе қоңырқай түске еніп тотығады. 

Published

2024-04-07

How to Cite

Сейтбекова Гульназия Аташбековна, Нұрқұл Мейірім Қайратқызы, Қиялова Әсел Қалмаханқызы, Усипова Аймен Ғабитқызы, & Шаихова Фатима Садуахасовна. (2024). Былғары өндірісінде қолданылатын құрамында илік заттары бар өсімдіктер. Modern Scientific Technology, (6). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSC/article/view/3328

Issue

Section

Chemical Sciences