З. Жәкенов прозасының стильдік ерекшеліктері

Authors

  • Хасанов Ғ.Қ., М. Өтемісов атындағы БҚУ профессоры, Орал қ.
  • Достангалиева Г.А М. Өтемісов атындағы БҚУ магистранты, Орал қ.

Abstract

Фразеологизмдердің стильдік ерекшеліктерін көптеген қазақ ғалымдары зерттеді. Атап айтқанда, М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Серғалиев, Х. Кәрімов, Д. Әлкебаева, Б. Шалабай т.т. зерттеулерінде фразеологизмдердің стиль түрлеріндегі, әсіресе, көркем әдебиет стиліндегі ерекшеліктері зерттелген. Фразеологизмдердің стильдік қызметі З. Жәкенов шығармаларында ерекше түрде көрінеді. Біздіңше, оған басты себеп, жазушының қазақ тілінің шұрайлы сөз байлығын терең игеруінен болса керек. Оның үстіне, З. Жәкенов сол кездегі қаймағы бұзылмаған қазақ тілінің аясында өскен тілдік тұлға. Оның шығармаларына тән басты қасиет фразеологизмдердің түйдекті түрінің жиі қолданылуы. Д.А. Әлкебаева фразеологизмдер туралы былай деп жазады: «Функциональдық стильдерде ФТ өзгерту тәсілдері әртүрлі екенін көруге болады, оның бірнеше себептері бар:  Стильдік қажеттілік; Қосымша мағына үстеу; Стильдік реңктерде құбылту; Прагматикалық ықпал ету» [1, 108]. Стиль мәселесін өз оқу құралында сөз қылған Ғ.Қ. Хасанов өз еңбегінде былай дейді: «ФТ ең көп қолданылатын стиль түрі  ауызекі стиль. Ауызекі сөйлеу стилінде ФТ тек мақсатты жағдайда ғана емес, әртүрлі сипатта қолданылады. ФТ бұл стильде прагматикалық жағдайда қолданылады. Ауызекі сөйлеу стилінде ФТ нормадан жиі ауытқып қолданылады» [2, 154]. Мысалы: «Тегінде бұларды болыс болмай тұрып қармаққа іліп, уәдесін алып қалмасаң, қолына мөр тиген соң өзге түгілі құдайын да ұмытып кетеді» [3, 153]. Фразеологизм қолданысы жазушы не ақынның шығармашылық дарына байланысты болады. Кейіпкердің өзіндік мінезін ашу үшін қолданылады. Фразеологизмдердің стильдік қызметі ерекше, онсыз ешбір көркем әдебиет стилі көркем әдебиет болып танылып, есептелмейді. Осыған орай, З. Жәкенов тілінде фразеологизмдер әртүрлі мақсатта құбылып қолданылады. Мысалы: «Бірақ Беріктің діні қатты екен оңай жіби қоймады» [3, 154]. Осындағы «қармаққа ілу, діні қатты» тұрақты тіркестері орнымен қолданылып, оқырманға жазушы ойын түсінуге ықпал етед

Published

2025-02-17

How to Cite

Хасанов Ғ.Қ., & Достангалиева Г.А. (2025). З. Жәкенов прозасының стильдік ерекшеліктері. Modern Scientific Technology, (9). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSC/article/view/5317

Issue

Section

Philological Sciences